Ы. Алтынсарин атындағы № 10 мектеп - лицейінің жоғары сынып ер балаларына “Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық - бұзушылық профилактикасы”, “Қылмыссыз өмір - кемел келешек кепілі” және нашақорлыққа қарсы:
сыбайлас - жемқорлықтың алдын - алу;
лудомания;
зорлық - зомбылық;
буллинг;
түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрмеу” тақырыптарында арнайы сала мамандарымен кездесу болып өтті. Қоғамдағы өзекті мәселе саналатын тақырыптарды жасөспірімдерге кеңінен насихаттау және алдын - алу үшін мектеп инспекторы С. Әшірбек пен А. Оңдасынов - қалалық прокуратурасының Бөлім прокуроры және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары бірлесе отырып сұхбат жүргізді.
Түсіндірме жұмыстары барысында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, сала мамандарының ескертулері мен қауіпсіздік шараларына басты назар аударды.