«Пед старт - кәсіби бағдар» кіші мектебі
«Кәсіби бағдар - маңызды қадам» жобасы аясында
Кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес М. Саламатов атындағы қызмет және сервис колледжінде 9 сынып оқушыларына арналған Ашық есік күні болып өтті. Ашық есік күнінде мамандық таңдау адам өміріндегі маңызды іс, маңызды қадам екендігі айтылды. «Жұмысшы мамандықтар жылы - 2025» аясында елімізде жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бастама жастардың техникалық және кәсіптік білім алуына деген қызығушылығын күшейтіп, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлін кеңейтуге бағытталған. 2025 жылы елімізде жұмысшы мамандықтарын дамытуға арналған түрлі бағдарламалар мен жобалар іске асырылмақ, олар жастарға заманауи өндіріс саласында қажетті дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Мұндай кәсіби бағдар беру жұмыстары оқушылардың мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауларына көмектесіп, техникалық және кәсіптік білімге деген қызығушылықтарын арттырады. Жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, болашақта елімізде білікті мамандарды даярлауға ықпал етеді.
https://kyzylorda-10mektep.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/218-bolasha-mamandy-a-al-ash-y-adam-ashy-esik-k-ni-tti.html#sigFreeIdd015bba16e






