«Smart сарбаз» кіші мектебі 
«Әскери патриоттық тәрбие» 
«Әскери - кәсіби бағдар беру» «Сарбаздар анасы»
«Мектеп театры» жобалары аясында 
«Патриот болу парызың» форсайт ашық алаңы
«Smart сарбаз» кіші мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес кәсіби бағдар беру және әскери мамандарды дайындау мақсатында мектеп - лицейі мен сала мамандарының қатысуымен,  КСРО әскерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 36 жыл толуына орай «Патриот болу парызың» тақырыбында патриоттық форсайт ашық алаңы өткізілді.
«Біртұтас - тәрбие» негізі - «Тәуелсіздік пен Отаншылдық», «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» құндылықтарын басшылыққа ала отырып, жасөспірімдер бойында ұлттық - рухани болмысты қалыптастыру, отансүйгіштік пен патриот болуға тәрбиелеу жұмысы халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының ардагері - Бауыржан Момышұлының ерлігі суреттелген қойылыммен ашылды.
 Ашық алаң қонақтары: 
Досаев Фархат Лиясұлы - «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығы» КММ директоры
Өткелбаев Қыдырбай Захманұлы - Қорқыт ата атындағы университетінің «Тарих және археология» білім беру бағдарламасының жетекшісі 
Балмаганбетова Алтынкүл Әділбекқызы - ҚХА жанындағы Аналар кеңесі, қалалық Әйелдер кеңесінің мүшесі
Қайруллаев Айдын Өткелбайұлы - Қызылорда қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы
Аманов Еркебұлан Ахметұлы - Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдіскері 
Аимбетов Айдар Аханұлы - ҚР ҰҚҚ шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша бастығы
Конырбаев Асхат Сұлтанбекұлы - Қорғаныс істер жөніндегі басқарма бастығының міндетін уақытша атқарушы
Кенжебаев Сарсенбек Нурланович - Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 5547 әскери бөлімінің материалдық және техникалық қамтамасыз ету ротасы инженерлік - техникалық күзет құралдары шеберханасының маманы (технигі) аға сержанты

Жақып Алмат Алмасұлы - Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының бастығы, подполковник 
Худояров Асан Беркінбекұлы - Шекара ардагерлерінің «Застава Тарландары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы 
Абжалиев Құрманғазы Оразалыұлы - Ауған соғысының ардагері
Бекетаев Нұраддин - Ауған соғысының ардагері
Форсайт ашық алаңында жас сарбаздар саптық жүрістері, арнайы қонақтармен бірге шебер сынып сағаттарын: 
«Ынтымақтастық меморандум» әскери серіктес мекемелердің келісімге қол қоюы; 
«Қоян - қолтық ұрыс тәсілдері»; 
«Жас сарбаз» әскери - патриоттық клубының ант қабылдау, салтанатты куәлік табыстау рәсімі; 
«Уақытқа норматив. Автоматты бөлшектеу және жинау»; 
«Smart сарбаз» белсенділерінің үндеуімен жалғасын тапты.
Еңселі еліміздің ертеңіне айналатын азамматтардың бүгінгі буыны қалыптасып келе жатыр. Сондықтан ұлтының болашағына бей - жай қарамайтын аға буын өкілдерінің шеберлік сағаттары мен тәлім - тағылымды кеңестері өскелең болмысқа рухани азық боларына кәміл сенеміз!