«Пед старт - кәсіби бағдар» кіші мектебі 
«Кәсіби бағдар - маңызды қадам» жобасы аясында 
«2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылына» орай Мұрат Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі "Қазақтелеком" АҚ мекемесімен бірлесе отырып кәсіби бағдар беру мақсатында №10 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп - лицейінің 9 сынып оқушыларына арналған мамандыққа бағыттауға «ONE SCHOOL ONE SKILL» бір мектеп - бір дағды жобасы аясында "Қазақтелеком" АҚ мекемесі базасымен таныстыру ұйымдастырылды. Жобаға Қызылорда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.  Шара барысында «Қазақтелеком» акционерлік - қоғамдық мекемесінің мамандары оқу кабинетіндегі мамандармен тәжірибе алмасу және түсіндірме жұмыстарын жасады. Семинарға Қызылорда облысының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, мектебіміздің кәсіби бағдар беру маманы мен 9 сынып оқушылары және колледж директоры Ахметов Болатбек Абиұлы қатысты. Колледж директоры оқушыларға сәттілік тілеп, «Қазақтелеком» акционерлік қоғам мекемесінің басшылығына және жұмысшы мамандарына өз ризашылығын білдірді.