«Пед старт - кәсіби бағдар» кіші мектебі 
«Білікті ұстаз - табысты мектеп» және «жастар fest» жобасы аясында 
20 ақпан күні мектебімізде «Жас маман - жаңа идея» атты мектепішілік байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты: 
жас ұстаздардың біліктілігін, жан - жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу. Байқауға еңбек өтілі 3 жылға дейінгі 9 жас маман қатысты.
Байқау екі кезеңде өтті.
1 - КЕЗЕҢ: Таныстыру (жас педагог өзін және өзінің жетістіктерін таныстырады)
2 - КЕЗЕҢ: Панорамалық сабақ көрсету.
Байқауымыздың әділ - қазы мүшелері құрамында:
1. Мусабаева Айгүл Нажмадинқызы - мектеп - лицей директоры.
2. Сыздықова Жаннат Құрмантайқызы - Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) әдіскері.
3. Маханбетәлі Назерке Бақытбекқызы - директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары.
4. Сартаева Айгүл Тәшкенбайқызы - бастауыш сынып мұғалімі.
5. Нұрғали Кәмшат Жақсылыққызы М. Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:
1 орын - Махамбет Гүлзат Махамбетқызы - химия пәнінің мұғалімі.
2 орын - Ілияс Ақерке Ордабайқызы -  математика пәнінің мұғалімі.  
3 орын - Сәндібекова Көркем Сәндібекқызы - дефектолог маман.
3 орын - Тілеу Гүлжан Бексұлтанқызы - информатика пәнінің мұғалімі.
Ұстаздық - басқа мамандықтарға қарағанда, ең қиын әрі ізгілікті мамандықтардың бірі. Себебі ұстаздардың басты міндеті - жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру. Бүгінгі жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың басты көрсеткіші - білім деңгейі. Сондықтан кез - келген шәкірттің дарынды, зерек болуы алдымен ұстаздардың білімі мен біліктілігіне байланысты. Мектеп жас мамандарына алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен ізденістер тілейміз!!!