Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп - лицейі білім алушыларды асыға күтеді!!!
Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп - лицейі кемелді білім ордасы. Мектеп 2022 жылы толықтай күрделі жөндеу жұмысынан өтті.
 Бүгінде еңсесі биік білім ошағында қарымды да қабілетті, білімді, ізденімпаз, жан - жақты шығармашыл шәкірттер білім алып жатыр.  Тарихи құндылығы 60 жылдан астам ұлт болашағына сапалы білім беруді көздеген мектепте - білікті ұстаздар сабақ береді. Шәкірттердің танымдық көкжиегі кеңейіп,  тұлға болып қалыптасудағы маңызды рөлді атқаратын өзін - өзі басқару ұйымы да жүйелі жұмыстарымен, білім додалары мен бәйгелерінің жеңімпаздарымен жеңіс қоржынын толықтырып келеді.
Мектепте замануи үлгідегі пән кабинеттері мен мультимедия, STEM лаборатория,  дефектология, психология кабинеттері балалар игілігіне берілген. Сонымен қатар асхана, акт залы, кітапхана, спорт залы, мектептің ішінде 27, сыртында 13 бейнебақылау камералары орнатылған. Күзет агенттігінің қызметкері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тексеруден өткізіп отырады.  
Мектеп ауласында жаңартылған спорт алаңы, мектеп жертөлесінде «Climate Ambassador» бағдарламасы және «GREEN ROOM» тәжірибе алаңы зертханасы жұмыс жасайды. Білім алушыларға 179 педагог мамандар білім беруде. Олардың 14 педагогика - ғылымдарының магистрлері, 1 - ғылым кандидаты, 64 педагог - зерттеушілер, 44 педагог - сарапшылар, 54 педагог - модератор санатындағы ұстаздар.
Жыл сайын білім сапасының көрсеткіші өсіп отырады.
Мектеп бітіруші түлектеріміз «Алтын белгіге», «Үздік аттестатқа» тәмәмдап мектебімізді жоғарғы орындардан көрсетіп келеді.
Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңі бойынша биылғы оқу жылында 33 жүлделі орын, республикалық «Зерде», «Дарын» ғылыми жобасынан 8 оқушымыз жүлделі орындармен марапатталды.
Әлеуметтік - ғылыми бағыт бойынша 7 кіші мектебі құрылды. Әр кіші мектеп жанынан 21 жоба ашылып, қазіргі таңда жұмыс жасалуда.
Құрметті, ата - аналар! Ұлт болашағының білімі мен тәрбиесіне бей - жай қарамайтын ортада балаларыңыздың сапалы білім алғанын қаласаңыз, Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп - лицей Сіздерді күтеді.