«Цифрлы ұстаз» кіші мектебі 
«Білім көрсеткіші интеллектуалды ойын”жобасы” 
Ы. Алтынсарин атындағы 10 мектеп - лицейінде 4 - сынып оқушыларымен Сұлтанбек Әлия Сланбекқызы «Бала ойы - шексіз әлем: қарапайым тапсырмалардың маңызы» тақырыбында дарынды оқушылармен зияткерлік сайысын өткізді.
Мақсаты:
оқушылар арасынан ерекше ойлай білетін, рухани - танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынатын, қабілеті бар, шығармашыл, дарынды оқушыларды шыңдау; 
 Оқушылар «Қар қиыршығы» арқылы «Зерек», «Дарын» топтарына бөлінді.
Сайыс кезеңдері:
1 - кезең Таныстыру.
Екі топ топ аттарын, ұрандарын таныстырды.
2 - кезең «Сиқырлы кітапхана» пәндер бойынша әр топқа 10 сұрақтан берілді.
3 - кезең. «Мақал - сөздің мәйегі» әр топқа 5 суретті мақал - мәтелдерді табу.
4 - кезең Топтық жұмыс. «Мектеп», «Спорт» сөздеріне постер қорғау.
5 - кезең «Топ басшы - көшбасшы» топ басшылары 1 минутта сұраққа жауап беру шапшаңдығы.
 Дарын - адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет.  Дарынды шәкірт - білікті ұстаздан. Дарынды оқушыларға зор алғыс білдіре отырып, әлі де талай биік асуларды бағындыруларына тілек білдіреміз!