Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп - лицейінде тегін және жеңілдетілген тамақты ұйымдастыру және тамақтандырудың сапасын тексеру мақсатында құрылған бракераждық комиссия мүшелерімен асхана жұмыстарына кезекті мониторинг жүргізілді.  
Мониторинг нәтижесінде оқушылардың тамақтануына жағдай жасалынған, тамақтану залы санитарлық - гигиеналық талаптарға сай. Бекітілген мәзір бойынша дайын тағамдардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде. Тәуліктік сынама алу мен сақталу қамтамасыз етілген.
“Бала денсаулығы - ұлтымыздың таптырмас байлығы, болашағы”, - демекші дені сау ұрпақ тәрбиелеу мектеп ұжымы мен комиссия құрамы үшін басты назарда.