“Цифрлы - ұстаз”кіші мектебі 
”Олқылықпен жұмыс” жобасы аясында 
”Сәттілікке қадам - қадаммен”
28 ақпан күні бастауыш сынып мұғалімі Абжаппарова Ақшолпанның ұйымдастыруымен
3 - сынып оқушыларының арасында «Сәттілікке қадам - қадаммен» тақырыбында балалардың ойлау қабілетін дамыту сайысы өтті.
Мақсаты:
қабілеті төмен оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру;
Олардың білім деңгейін көтеру және өзіне деген сенімділігін нығайту;
Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Ойын түріндегі сайыс арқылы оқуға деген ынтасын арттыру;
Бірлескен жұмыс арқылы достық қарым - қатынасты күшейту;
Нәтиже:
Оқушылардың пәндерге қызығушылығы артты
Өздеріне деген сенімділігі күшейді
Оқу үлгерімі жақсарды
Бірлескен жұмыс арқылы достық қарым - қатынасы қалыптасты
Білім беру жүйесінің қарқынды дамуы - озық ойлы білім алушылар қатарын көбейтіп келе жатқаны мәлім. Осы орайда кәсіби ұстаз ретінде әрбір оқушыға іздену мен талпынуды талап ету жұмысының жемісі биік боларын естен шығармаған абзал. Ұрпағымыз ұлықты болсын!!!