”Балалар кітапханасы” кіші мектебі 
“Oilan quiz” жобасы аясында
Сахналық қойылым
 “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыру бағытында 4 - 5 сынып оқушылары арасында сахналық қойылым көрсетілді. “The fisherman and the fish” және “The Hare & the Tortoise” ертегілері желісімен дайындалған қойылым балалардың шығармашылық қиялын және актерлік дағдыларын ашуға өз септігін тигізді. Сонымен қатар, оқушылар қазіргі таңда танымал анимациялық фильмдердің әндерін шырқап, көрерменнің ыстық ықыласына ие болды.