“ЦИФРЛЫ - ҰСТАЗ”КІШІ МЕКТЕБІ
ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІК
МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
3 - 4 наурыз күндері «Цифрлы ұстаз» кіші мектебінің «Цифрлы ұстаз - цифрлық құзыреттілік» жобасы аясында 2 - 10 сыныптар аралығында негізгі пәндерден алынған мектепішілік бақылау (жазба жұмыстарының қорытындысы) директор жанындағы кеңесте талқыланды.
Мақсаты:
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың толықтыру – оқу сапасын арттыру.
Оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою
Цифрлық білім беру ресурстарын белсенді пайдалану
Оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды анықтау және жою бойынша жұмыс, әр мұғалім қызметінің ажырамас бөлігі. Мектепішілік бақылау жұмысы қараша, желтоқсан, қаңтар айларында назарға алынып, үшінші рет өткізілген жұмыс өз нәтижесін беріп келеді.
Білімдегі олқылықтарды жүйелі және жоспарлы түрде анықтау бағыты түрлі іс - шаралар арқылы жүргізіліп келеді. Осы орайда әр айдың орта шенінде сынама жұмыстары алынып, директор жанындағы кеңесте қаралып, талқыланып отырды. Жүйелі жұмыс нәтижесінде төмен көрсеткіш көрсеткен сыныптар «Нысанаға» алынып, мектеп әкімшілігі сабақ беретін мұғалімдермен директор жанындағы кеңесте қаралып талқыланды. Әр мұғалім атқарылған жұмыстар мен олқылықтарды жою жоспарлары туралы есеп берді.
Наурыз айындағы оқушылармен жүргізілетін мектепішілік бақылау және халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстар iTest – тренажер арқылы білімді тексеру тест сынамасы өткізіледі.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе. Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кезде де күрделі маңызды. Барлық кедергілерді жеңу, табысқа талпыну өз қолымызда!
«Оқусыз - білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпақ емес.
https://kyzylorda-10mektep.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/239-nysanada-bilim-sapasy-mektepishilik-ba-ylau-orytyndylary.html#sigFreeId89801ebf48






