"ЦИФРЛЫ ҰСТАЗ" КІШІ МЕКТЕБІ
"БІЛІМ КӨРСЕТКІШІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
12 наурыз күні бастауыш сынып мұғалімі Абишева Айдананың ұйымдастыруымен 1 - сынып оқушыларының арасында "Білімділер бәйгесі" атты интеллектуалды сайысы өткізілді.
Мақсаты:
Оқушылардың белсенділігін арттыру;
Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Оқушылардың шапшаң ойлау және шығармашылық қабілетін арттыру;
Бірлескен топтық іс - әрекеттері арқылы достық қарым - қатынасты нығайту.
Нәтиже:
Оқушылардың белсенділігі артты.
Топтаса жұмыс орындау арқылы достық қарым - қатынасты нығайта білді.
Барлық тапсырмаларды орындауда шапшаң ойлау қабілеті арта түсті .
"Киіз үй" әдісі арқылы оқушылар "Тапқырлар", "Алғырлар", "Білімділер" болыа топтарға бірікті.
Сайыс кезеңдері:
1 - кезең: "Кім жылдам?" . "Алтын сақа" әдісі арқылы әр топқа 4 сұрақтан қойылды.
2 - кезең: "Жұмбақ жарыс" . Бұл кезеңде әр топқа жұмбақ өлеңдер қойылды. Оқушылар шапшаң есептей отырып , жауабын тапты.
3 - кезең: "Құрастырмалы пішін" . Бұл кезеңде әр топқа конверт таратылды. Конвертте әр түрлі геометриялық пішіндер бар. Пішіндерді қолдана отырып, аппликация жасады .
4 - кезең: "Орнын тап" . Бұл кезеңде "Шолпы" әдісі қолданылды. Орны ауысқан әріптер арқылы сөздерді дұрыс құрастырды.
5 - кезең: "Айырмашылығын тап".
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Дарынды балаларға зор алғыс айта отырып, шығармашылықтары шыңдала берсін деп ыстық - ықыласымызды білдіреміз!
https://kyzylorda-10mektep.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/242-intellektualdy-ojyn-kishkentaj-bilimpazdardy-sajysy.html#sigFreeIdc97fbe98dd






