БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ КІШІ МЕКТЕБІ 
“БІР КІТАП - БІР ДОС” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
”BOOKS AND READING” ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ
14 наурыз күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыру бағытында жүргізіліп келе жатқан “Бір кітап - бір дос” жобасы аясында 7 - 8 сыныптар арасында “Books and reading” интеллектуалды сайысы болып өтті.
Бұл жобаның мақсаты:
оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін дамыту.
Сайыс барысында оқушылар кітаптар мен авторлар туралы білімдерін тереңдетіп, өз ойларын жеткізе алды. Жоба аясында оқушылардың сыни ойлау дағдылары қалыптасып және білімге деген қызығушылығы нығая түсті. Оқушылар командамен “Oilan quiz” тапсырмалары арқылы бірлесе жұмыс жасады.
Сайыс соңында екі команда:
I. 7 “A” және 7 “Б” “Teamwork Champion”
II. 7 “Д” және 7 “Е” “Best Quiz Master” номинацияларымен марапатталынды.