Жерімізге көктем лебін, күн шуағының жылуын ала келген, жаратылыс біткенге жан бітіріп, жұрт көңіліне мейірімділік ұялатқан көктем мезгілі ерекше. Осы жаймашуақ, мамыражай уақыт туған сәтте Ы. Алтынсарин атындағы 10 мектеп - лицейінің бітіруші түлектері алтын ұя білім ошағының ауласына тал егіп, ағаштар отырғызды. Бұл игі бастама әрбір шәкірттің бойында рухани - патриоттық сезімдерін оятып, тамырын жайған бәйтеректей жайқалып тұра бермек.