Ықшам сабақ байқауы 
Жас маман - жеңіс төрінде!
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен №8 орта мектебі базасында жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Абайдың табиғат лирикасымен жаратылыстану пәндерін оқытудың тиімділігі» тақырыбындағы Ықшам сабақ байқауы өтті. Аталмыш бпйқауға мектебіміздің жас ұстазы Жағыпар Гүлдана қатысып, 
І орын иеленді. Жас болса да ізденістен таймаған,білімін шыңдай білген әріптесіміздің алар асулары мен бағындырар биіктері көп болғай!