Педагогикалық кеңес 
ІІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша жоспарға сәйкес Ы.Алтынсарин атындағы 10 мектеп - лицейінде кезекті педагогикалық кеңес өтті. Кеңесті мектеп басшысы А.Нажмадинқызы ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Күн тәртібінде: 
1. ІІІ оқу тоқсанындағы оқу - тәрбие жұмысының қорытындысы, оқушылардың білім сапасы, үйден оқытылатын оқушыларға білім бағдарламасының орындалуы/Г. Полуванова 
2. ҰБТ - ға дайындық жұмыстары. «Алтын белгіге» және «Үздік аттестатқа» үміткер оқушыларды бақылау. Қорытынды аттестаттау туралы/ Г. Полуванова
3. 9 - 11 сынып журналдарын тексеретін комиссия. Аттестат, куәлік толтыратын комиссия құрамын бекіту/Г. Полуванова 
4. Республикалық пәндік олимпиаданың, ғылыми жоба конкурсының қалалық, облыстық кезеңінің қорытындысы туралы/Н.Махамбетәлі 
5. Жалпыға міндетті оқу қорының есебінен ыстық тамақтың сапалы берілуін қамтамасыз ету/ А.Қыстаубаев
6. Жасөспірімдердің психикалық саулығын бағалау мақсатында жүргізілген сауалнама қорытындысы/ А.Жалғауова 
7. Ағымдағы мәселелер; 
Кеңес барысында әрбір мәселе жан - жақты талқыланып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар енгізілді. Мектеп басшысы атқарылған жұмыстарға баға беріп,саралап жаңа тоқсанда нәтижелі еңбек етуді тапсырды.