Дұрыс тамақтану әсіресе балалар үшін қажет. Сол себепті балаларға берілетін ыстық тамақтың сапасы мен құнарлылығына аса мән берілуі тиіс және мектеп оқушыларына берілетін тамақтың сапалылығы, ыдыс - аяқтың тазалығы, санитарлық - эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, азық - түліктің сапалы болуы үнемі назардан тыс қалмауы қажет.
Осы орайда баркераждық комиссия мүшелері мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жасауын қарау мақсатында, барлық талаптардың орындалуы бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізді. Негізгі бақылауға алынған шаралар:
Асхананың санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сай болуы;
Тамақ өнімдерінің сапасы;
Күнделікті ас мәзірдің сәйкестігі;
Рұқсат етілмеген тауарлардың сатылымда болмауы;
Ас үй ыдыстарының, асхана аспаптарының жай күйі;
Жеткізілген азық - түліктердің сапасы мен сақталу мерзімі.
Зерделеу барысында жоғарыдағы көрсетілген талаптар өз уақытында дұрыс орындалып жатқанын байқады. Мектеп асханасына мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі жүргізіліп отыратын болады.