”Жазғы тынығу лагері”
”Күншуақ” мектепішілік лагерь ашылуы
”Бақытты балалық шақ” ертеңгілік
Ы.Алтынсарин атындағы 10 мектеп - лицей бойынша 26 мамыр күні білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалану барысында “Күншуақ” күндізгі тынығу лагері өз жұмысын бастады.
Лагерь “Бақытты балалық шақ” тақырыбындағы ертеңгілікпен ашылып, қызықты ойын түрлері мен оқушылардың әнімен жалғасты.
Мектеп басшысы Айгүл Нажмадинқызы бүлдіршіндер демалысына сәттілік тілеп, көтеріңкі көңіл күйде жүрулеріне тілек білдірді.
Сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау жөнінде ескертіп өтті.
Қуанышты күндеріне орай оқушыларға тәтті балмұздақ таратылды.
Жазғы демалыстарыңыз жақсы көңіл күйде өтуіне тілектеспіз, Жас достар!!!
https://kyzylorda-10mektep.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/260-zhaz-y-tyny-u-lageri-k-nshua-mektepishilik-lager-ashyluy-ba-ytty-balaly-sha-erte-gilik.html#sigFreeId1f22793952






