29.08.2025

ҚҰРМЕТТІ АТА - АНАЛАР!!!

 Жаңа оқу жылының басталуына байланысты мектеп формасына қойылатын талаптар нақтыланды.

 Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2016 жылғы №26 бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес, мектеп формасының бірыңғай түсі мен үлгісі белгіленді.

Мектеп формасына қойылатын талаптар:

Форма түсі: Қара көк (темно - синий)

 Ұлдарға:

– Пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде;

– Шалбар кең пішілген, тобықты жауып тұруы керек;

– Классикалық аяқ киім.

 Қыздарға:

– Пиджак, жилет, ақ жейде, тізеден төмен юбка;

– Өкшесі 2–3 см - ден аспайтын классикалық туфли.

Спорттық форма:

– Спорттық костюм (шалбар, футболка, куртка), кроссовка немесе кеды.

Маңызды:

– Әр ата - ана форма өндірушісін еркін таңдай алады;

– Форманы кез келген дүкеннен, нарықтан сатып алуға құқылы;

– Мектеп формасына діни конфессияларға тән элементтер енгізілмейді.

Мектеп формасының сақталуы – бірыңғай тәртіп пен тәрбиенің көрінісі.

#Мектепформасы

#bilim_kzo