Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейдің 3 «Ж» сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Театр және балалар» атты бастауыш сынып оқушылары арасында өткен қалалық байқаудан жүлделі ІІ орынды иемденді. Жетекшісі – Ерсариева Анар. Мектебіміздің өнерлі оқушылары «Қошқар мен теке» ертегісін қойып, көрермен қошеметіне бөленді. Өнерлі оқушыларымыздың әлі бағындырар белестері көп екендігіне сеніміміз мол. Талантты оқушыларды дайындаған жетекшісі – Ерсариева Анарға алғысымызды білдіріп, бүгінгі жеңістерімен құттықтаймыз!
View the embedded image gallery online at:
https://kyzylorda-10mektep.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/86-teatr-zh-ne-balalar.html#sigFreeIda898565636
https://kyzylorda-10mektep.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/86-teatr-zh-ne-balalar.html#sigFreeIda898565636






