Бүгін Қызылорда облыстық білім басқармасының Оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен өткен «Үздік бастауыш сыныбындағы жаратылыстану пәнінің мұғалімі-2021» облыстық байқауында Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Сартаева Айгүл Ташкенбекқызы жүлделі ІІ орынды иеленді. Әріптесіміз байқаудың қалалық кезеңнен жүлделі І орынды иеленіп, облыстық байқауға жолдама алған болатын.

Айгүл Ташкенбекқызын бүгінгі жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!