Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейде жас түлектерге аттестат беру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шарада мектеп-лицей директоры – Асылбек Бақытбекұлы мектеп түлектерін бүгінгі ерекше күнмен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Төртінші оқу тоқсанында мектеп-лицейде күрделі жөндеу жұмыстары өтуіне байланысты оқушыларымыз 4 өзге оқу орындарының ғимараттарына бөлініп оқуларына тура келді. Сол уақыттарда өз ғимарттарында мектеп оқушыларына жағдай жасап, үздіксіз білім алуын қамтамасыз еткен "Қызмет және сервис" колледжының директоры - Тәшен Оразбекұлы және Жұмабай Қонақбайұлы шараға қонақ ретінде шақырылып, мектеп-лицей әкімшілігінің тарапынан естелік сыйлықтар табысталды. Құрметті қонақтарымыз мектеп бітіруші түлектерге аттестаттарын тапсырып, бүгінгі ерекше күндерімен құттықтады. Күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан уақытта оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен дене шынықтыру пәні мұғалімдерін Қала әкімінің Алғысымен және осындай кезеңде ғимараттардың тазалығына ерекше көңіл бөліп, өз қызметін абыроймен атқарған мектебіміздің тазалықшысы - Тобжанова Гүлзира Сейілханқызына алғыс айтып, Жаңақорған шипажайына жолдама берді.

Мерекелік шара әуелеген әнмен әрленіп, ақ тілектермен әсемделді. Бүгінгі үлкен өмірге қадам басқан жас түлектерге ақ жол, сәт сапар тілейміз!